Назад

Экономиканың жаңа қозғаушы күші: цифрлы экожүйелер

27.11.2021

 118 

5 минут на прочтение
Қазіргі заманда цифрлы экожүйелер кең етек жая инвестицияларды тарту орталықтарына айналып, экономикада үлкен рөл атқаруда. Цифрлық экожүйелер өмірдің барлық салаларын қарқынды цифрландырудың нәтижесінде пайда болды. Олар экономикада өте маңызды рөл атқарады. Цифрлық экожүйелер әдетте байланыс және қаржы алып компанияларының негізінде құралады және олар ресурстар мен шексіз ақпараттық мүмкіндіктерге ие бола отыра, айналасында ұқсас және көбінесе өзара байланысты қызметтер жиынтығын құрайды.


Источник: Freepik.com

Қазақстан да әлемдік Meta, Apple, Amazon, Google, Microsoft сынды экожүйелерден қалыс қалмайды – біздің көз алдымызда Каспий банкінің, Chocolife, Халық банк, TrustMe, және т.б. экожүйелері күннен-күнге нығайып келеді.

Қазіргі таңда жаңа тармақтармен толығып жатқан экожүйеге тән екі салалық алып бар: банктер мен интернет-компаниялар. Мысалы, «Kaspi KZ» дәстүрлі банктік қызметтермен шектелмеген: мұнда мемлекеттік қызметтер де алуға болады, техникадан бастап балалар тағамына дейін қамтамасыз ететін маркетплейс, және билеттерді сатып алу сервисі де бар, ал TrustMe экожүйесінде онлайн қарыз келісімшартын жасау, электронды ақша жинауға, компаниялар мен олардың қызметкерлері жайлы ақпарат алуға, бизнеске арналған IT-шешімдерді табуға болады.

Тұтынушылар әдетте экожүйенің белгілі бір қызметін ғана қолданумен тоқтап қалмайды. Мұнда қолдану ыңғайлылығы да, қаржылық пайда да рөл атқарады – экожүйе өзіне деген сенім тудырып, тұтынушыларды арттыру мақсатында жүйеге қосылған адамдарға айтарлықтай жеңілдіктер мен артықшылықтар береді. Цифрлық экожүйелер адам өмірін анағұрлым жеңілдетуге бағытталған.

Экожүйелер XXI ғасырда бизнес жүргізудің жаңа шындығы мен жаңа моделіне айналды. Біз олардан барынша пайда табуды үйренуіміз керек. Бұл – тек тұтынушы пайда алатын жер емес, сонымен қатар экожүйеге белсенді араласып, оның бір бөлігі болатын шағын және орта бизнеске берілетін мүмкіндіктер.

Ең бастысы, бұл – сұранысты кеңейту және шығындарды азайту арқылы даму және алға жылжу мүмкіндіктері. Экожүйенің бір бөлігі болу – тиімсіз делдалдарды жеткізу тізбегінен алып тастауға және бәсекелестік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бір жағынан, экономикаға оң септігін тигізеді, екінші жағынан, тұтынушы пайда көреді – үлкен таңдау, жылдамдық, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру ыңғайлылығы. Ірі экожүйелер жаңа жұмыс орындарын құруға; акселерациялық бағдарламалар, серіктестіктер және цифрлық платформаларға қолжетімділік есебінен стартаптарды дамытуға мүмкіндік береді.

Цифрлы экожүйелер – бұл ұзақ уақытқа құйылған инвестиция. Сондықтан, мұндай ынтымақтастыққа қатысу шағын кәсіптерге өз болашақтарын әлдеқайда алыс көкжиекпен жоспарлауға мүмкіндік береді. Себебі, жалғыз дамуға бағыт алған компанияның банкроттыққа ұшырап, өспей қалу мүмкіндігі үлкен бір экожүйенің ыдырауына қарағанда әлдеқайда жоғары. Экономикаға экожүйелер инвестицияларды, соның ішінде шетелдік инвестицияларды өте күшті тарту мүмкіндіктерін береді.

Қазіргі таңда Kaspi.kz $24,68 млрд нарықтық капиталдандырумен Қазақстандағы ең қымбат компанияға айналды. Осылайша, Kaspi.kz экожүйесі Қазақстанды инвестициялық тартымды ете білді. Осының арқасында отандық экожүйелер Kaspi.kz экожүйесінен қалыс қалмауға тырысып, өзара бәсекелесіп, тұтынушыларға қызметердің кең таңдауын ұсынып, күннен күнге дамып барады.

Автор: Райсова Диана

Читайте по теме

Блог основателя
Инвестиции
TrustContract

White paper по привлечению инвестиций в экосистему TrustMe

Читать
27.05.2022
Инвестиции
Партнеры

Наши инвесторы: Шохитбаев Марлен

Читать
18.02.2022
Блог основателя
Инвестиции
Партнеры

Как мы привлекали инвестиции на I-этапе

Читать
12.02.2022
ESG
Стартапы

Экосистема доверия

Читать
27.01.2022